24.09.2016, 12:33
Оқылды: 24

50 мыңнан астам тал-терек егілмек

akim-tal   Орал қаласы əкімдігінің қаулысы бойынша облыс орталығын абаттандыру жəне санитарлық тазалық  айлығы жарияланды. Айлық аясында 24 қыркүйекте, 8 қазанда жалыхалықтық сенбіліктер өткізу жоспарланған.


  Соған сəйкес 24 қыркүйек күні «Астана» жəне «Жаңа орда» шағын аудандарының аралығындағы жол бойына тал-терек егілді. Бұл шараға облыс əкімі Алтай Көлгінов, Орал қаласының əкімі Нариман Төреғалиев, мəслихат депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері, зейнеткерлер, жастар қатысты.

Жастар демекші, «Көршілер-Соседи» лагеріне жиналған Ресейдің көршілес губернияларынан жəне еліміздің өңірлерінен келген жастар да бұл игілікті іске өз үлестерін қосты.

Қала əкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиевтің айтуынша, күздегі сенбіліктер кезінде 50 мыңнан астам тал-терек отырғызу жоспарланып отыр.  Олардың арасында шетен, шегіршін, жөке, көгілдір шырша бар. Бұлар  негізінен жол бойына жəне қаланың сəнін кетіріп тұрған жерлерге егіледі. Сондай-ақ жаңа саябаққа да отырғызылмақшы.

 

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале