19.04.2016, 12:13
Оқылды: 24

56 кітапхана, 36 мәдени ошақ

????????????????????????????????????

     Зеленов ауданында қазіргі уақытта 56 кітапхана халыққа қызмет етуде. Соның ішінде екеуінің модельді ауылдық кітапхана мәртебесі  бар. Аудан бойынша 36 мәдени ошақ жұмыс жасап тұр. Атап айтар болсақ,  1 аудандық мәдениет үйі (Переметный ауылы), 2 ауылдық мәдениет үйі (Дарьинск, Калинин ауылы), 33 ауылдық клуб.  Сонымен қатар, бір «Жеңіс» кинотеатры мен жеті  киноқондырғылар бар.


     Аталмыш 36 мәдени ошақтың 8-і бейімделген ғимаратта орналасса, ал 28-і типтік ғимаратта орын тепкен. 29 мәдениет ошақтарында газ құбыры өткізілген, 7 ауылдық клубы отпен жағылады. Бүгінгі күнде аудандық мәдени-демалыс орталығының  36 мәдениет мекемелерінде 204 клубтық құрылымдар / үйірмелер, көркемөнерпаздар ұжымдары, ұлттық- мәдени бірлестіктері/ қызмет атқарады. Оларға қатысушылар саны - 1370 адам.

     Клубтық құрылымдардың ішінде 3 ұжымның «Халықтық» атағы бар. Тінін тарқаталық, «СКИФЫ» вокалдық аспаптар ансамблі (жетекшісі А.Ізмұханов),  «Дарьюшка» би ұжымы (жетекшісі Л.Сгибнева), «Шежіре» фольклорлық ансамблі(жетекшісі А.Ғизатов).  Ағымдағы жылы «Калинушка», «Достық-Дружба» ансамбльдері «Халықтық» аттаққа ұсынылғандығын айта кеткен жөн.

     Ауданымыздың мәдени дамуын арттыру, өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық өнерімізді дәріптеуде мәдениет, кітапхана қызметкерлерінің еңбегі ерен.

www.zhaikpress.kz

Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале