16.02.2019, 10:22
Оқылды: 133

БҚО-да индустрияландыру картасы арқылы 10 жоба жүзеге асады

Бұл жайлы БҚО әкімі Алтай Көлгінов халық алдындағы есебінде айтты.

IMG_0976

-Облысымыздан индустрияландыру картасына 10 млрд. теңге болатын 10 жоба енді. Нәтижесінде жаңадан 300 жұмыс орын ашылды. Олардың ішінде бір жоба шетелдік капиталмен бірлесе жүзеге асты. Ол - «Топан» ЖШС-ның химиялық зауытының құрылысы. Өнімділігі жылына 4000 тонна болатын зауытта 40 жұмыс орны ашылды. Дәл осы картаға сәйкес  «Агран» ЖШС-да сэндвич-панель өндіретін зауыт, «Кублейде»  жануар қалдығын өңдейтін зауыт, «Желаевтің» макарон фабрикасы, «Орал кабельдің» медь кабелін жасайтын зауыты және «Теректі май» атауымен май комбинаты іске қосылды.

Елбасы облысымызға өткен жылы іссапармен  келгенде кәсіпкерлік саласында ірі жобаларды жүзеге асыруға тапсырма берді. Тапсырма ойдағыдай орындалуда. Нәтижесінде энергетика Министрлігі «Конденсат» АҚ зауытының  отын тасымалдау кестесін растады. Ал «БҚМҚ» компаниясы еуропалық компаниялармен бірлесе отырып жаңа технологияларды игеруде. «Орал трансформатор зауыты» «Омега» аумағынан екінші зауыт салуды қолға алмақ. «Квант» компаниясы «Қазақстанның Даму банкімен» өнім желісін кеңейту үшін келісімге қол қойды, - деді облыс әкімі Алтай Сейдірұлы.

Динара Насыр

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов,

© zhaikpress.kz

IMG_0867 IMG_0888

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале