11.04.2016, 15:50
Оқылды: 21

90 сағат «қара жұмысқа» салынды

Kara jymis    Сырым ауданында «Учаске» жедел алдын – алу шарасы кезінде Жымпиты ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторлары Дархан Хайруллин мен оның көмекшісі Манас Көздәулетов жымпитылық Е. деген азаматтың үйіне тінту жасап, жаңағы азаматтың үйінен 1, 93 грамм кептірілген марихуана мен есірткі шегуге арналған қолдан жасалған «аппаратты» тәркіледі. Кейіннен Е. деген азаматтың есірткіге әжептеуір әуестігі бары анықталды.


     Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің бастығы Руслан Хайруллинның айтуынша, сараптама қорытындысы полиция инспекторларының болжамын растады. Сырым аудандық сотына жолданған осы істің үкімі жуырда ғана шықты. Тұрғын үйінде есірткі сақтаған азамат Е. ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабының 2 бөлімі бойынша 90 сағат қоғамдық жұмысқа салынды. Жаза мұнымен бітпейді. Тиесілі мерзім аяқталғаннан кейін айыпталушы облыс орталығындағы денсаулық сақтау ұйымдарының біріне мәжбүрлі түрде емделуге жіберіледі.

     Тәркіленген заттар арнайы өкілдердің қатысуымен жойылды.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале