27.03.2017, 16:15
Оқылды: 19

Адам тонамақ болған екі тұрғын ұсталды

policeiНаурыздың жиырма бесі белгісіз екі тұрғын қаладағы «Колос» сауда үйінің маңында 1966 жылғы тұрғынды бопсалап, 12 мың теңгесін тартып алған деп хабарлайды БҚО ІІД баспасөз қызметі.


Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары 1975 және 1976 жылғы екі күдіктіні қолға түсірді.

Күдіктілер ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес Орал қ. ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған оқиға негізінде ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале