7.02.2019, 11:04
Оқылды: 59

Ақсайдағы газ өндіру кеніші жұмысшыларының еңбек жағдайын жақсарту мәселесі шешілді

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Бүгін, 7 ақпан күні таңмен БҚО-дағы газ өндіру және өңдеу кенішіндегі «Сичим» компаниясының жұмысшылары кездесу өткізді.

Сағат 06:00-де 200-дей жұмысшы жалақы көлемі мен жұмысқа жасалған жағдайды жақсарту ұсынысымен «Сичим» КСС ЖШС-ның басшылығымен кездесті. 

Олармен «Сичим» КСС ЖШС-ның атқарушы директоры А.Кулбаева сөйлесіп, мәселе екі жақты келісіммен шешілді. Жалақылары біліктіліктеріне сәйкес өсетін болды.

Аудан прокуратурасы жұмысшылардың барлық талаптары Қазақстанның заңдары аясында тексерілетінін жеткізді. Қазір «Сичимдегі» жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту мәселесі шешілді.

Еске сала кетсек, «Сичим» - ҚПО б.в. компаниясының мердігер мекемесі. Бұл компанияның Ақсайдағы филиалында 1600 адам еңбек етеді. Оның 200-і қазір вахталық әдіспен еңбек етуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале