19.06.2019, 13:43
Оқылды: 80

«Ақжайық» стадионы 1 шілдеден бастап жөндеу үшін жабылады

Сәуір айында сенімгерлік құқығымен «BANEM» компаниясына берілген «Ақжайық» стадионының жасанды төсеніші ауыстырылады деп хабарлады «Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметі.

 gazon

 «BANEM» компаниясы мамыр айында «Астана Спорт Строй и К» компаниясымен келісімге келді.

Қазіргі таңда «Ақжайық» стадионының төсенішін ауыстыруға қажетті барлық құжаттар реттелді. Шілде айының 1 күні стадион жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады. Алаңға  соңғы үлгідегі жасанды газон төселеді.

Сондай-ақ кәріз жүйесі ауыстырылып, суару жүйесі жөнделеді.

Айта кетейік, биылдан бастап «BANEM» компаниясы «Ақжайық» футбол клубының бас демеушісі.

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале