26.03.2017, 2:14
Оқылды: 27

Алматыдан жеткен ақжолтай хабар

Screenshot_2017-03-26-06-42-30-1Алматыдан ақжолтай хабар жетті. Ақ Жайық өңірі атынан "Білімдіге дүние жарық" республикалық ақындар айтысына қатысқан жас айтыскер Талғат Мықи жүлделі І орынға ие болды.


Кеше Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өткен сөз додасына Астана, Ақтөбе, Маңғыстау, Тараз,  Қызылорда, Қарағанды, Орал, Қостанай қалаларынан келген, жасы 30-ға дейінгі 12 ақын қатысты.

Бас жүлде тараздық Əсет Дүйсебаевқа бұйырды. Айтысты ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің қолдауымен "Білім - Инновация" халықаралық қоғамдық қоры мен "Жəдігер жастары" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған.

Қазылар алқасында төбе би танымал ақын Айтақын Бұлғақов болды.

Дүбірлі додада ілімнің пайдасы, туған жері тақырыбы кеңінен жырланып, сөз қағысқан жас ақындар қоғамдық мəселелерді де өткір қозғады.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале