8.06.2017, 19:23
Оқылды: 52

Ардагерлер кеңесінің 30 жылдығына орай ауқымды шаралар өтпек

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында республикалық ардагерлер қозғалысының  30 жылдығына арналған іс шаралардың орындалуы сөз болды.

Айта кетейік, 1981 жылы облыстың барлық аудандарында және қалада ардагерлер Кеңестері құрылған. Күні бүгінге облыстық ардагерлер ұйымында 68648 қариялар болса, ол бүкіл облыс зейнеткерлерінің 80 пайызы.

Облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Ғибатолла Тілебалиевтің айтуынша, ұйымның 30 жылдығы қарсаңында көптеген шаралар ұйымдастырылады. Мәселен, қазан айында облыстық халық шығармашылығы орталығымен бірлесіп «Қайран біздің әжелер арды ойлаған» байқауы өтпек. Ал күзге қарай қариялар арасында «Ата сөзі – бата сөз» атты сайыс жоспарда.

- Өткен кезеңді қорытындылайтын болсақ, Жәнібек, Ақжайық, Бөрлі, Сырым, Теректі, Жаңақала т.б. аудандарда игілікті істер атқарылуда. Мысалға Жәнібек ауданында ардагерлердің денсаулығын дұрыстау, бос уақыттарын өткізуге бағытталған бильярд, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, теннис жарыстары өткізіліп, оған көршілес аудандармен бірге көршілес Ресейдің Палласовка ауданының спортшыларын шақыру дағдыға айналған.

Биыл Сырым ауданынан 15 ардагер «ЭКСПО-17» көрмесіне тегін жодама берілсе, бөрлілік 145 қария шипажайда тынығады, - деді ол.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале