26.06.2019, 18:06
Оқылды: 89

«Арыс, біз біргеміз!»

Елді елең еткізіп, халқымыздың бірлігін сынға салған 24 маусым күнгі Арыс қаласындағы жағдай батысқазақстандықтарды бей-жай қалдырған жоқ.

 arys

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақтан аграрлық-техникалық университетінің ұжымы Түркістан облысындағы әскери қоймада шыққан өрт және оқ-дәрі жарылыстары салдарынан зардап шеккен тұрғындарды әлеуметтік қолдау мақсатында әр қызметкердің жалақысынан бір күндік еңбек ақысын аудару туралы шешім қабылдап, 2 108 721 теңге көлемінде қаражат жиналды.

Сонымен қатар университет жанынан құрылған «ЖӘҢГІР ҰРПАҚТАРЫ» еріктілер қозғалысы зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына көмек қолын созып, 25-28 маусым аралығында  «Қайырымдылық - қайырлы іс!» атты акция ұйымдастырып ересектер мен балалар киім-кешектері, жеке гигиеналық, шаруашылық-тұрмыстық заттарды жинақтауда. «Жәңгір ұрпақтары» қозғалысы және барша студенттер қауымы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жұдырықтай жұмылып ағайындарымызға гуманитарлық көмек көрсету үшін барша батысқазақстандықтарды акцияны қолдауға шақырады.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі қызметкерлері мен «Ақжайық» футбол клубының жаттықтырушылары мен ойыншылары да бір күндік жалақыларын Арыс тұрғындарын қолдау үшін ашылған қорға аударды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале