7.02.2017, 19:39
Оқылды: 59

Ассамблея мүшелерімен кездесті

deputaty  Бүгін ҚР Парламенті Сенаты жəне Мəжілісінің депутаттары Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесті.

  Басқосуда алдымен Батыс Қазақстан облысының əкімі Алтай Көлгінов сөз алып, өңірдегі қоғамдық келісім кеңестері, этномəдени орталықтардың ел бірлігін нығайту, тұрақтылық пен татулықты насихаттау бағытында сəтті қызмет етіп жатқанын əңгімеледі. Кейін Елбасы Жодауында белгіленген міндеттерге сай білім беру, ауыл шаруашылық, кəсіпкерлік салаларына қатысты атқарылатын жоспарлы жұмыстарды баяндады.


  Кейін ҚР Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Əйтімова облыс əкімінің болашаққа жігерлі де сергек қарап, табанды еңбек етіп жатқанына жоғары баға береді. Депутаттың айтуынша, саяси реформа аясында жүзеге асырылатын конституциялық өзгерістердің маңызы зор. Сондай-ақ "Қазақстан - 2050" стратегиясын оңынан жүзеге асыруға, ұлтаралық татулық пен саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық дамуға баса мəн беріледі. Мəжілісмен ҚР Парламентінің өкілеттіктерін кеңейту, Үкіметтің ашықтығын қамтамасыз ету бағытында заңдарға енетін өзгерістермен таныстырды.

  ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ахмед Рашитов пен Ерболат Мұқаев Елбасы Жолдауында көрсетілген экономикалық бағыт-бағдарлар дағдарысқа қарсы нақты көмектесетінін атап өтті. Ал Мəжіліс депутаты Ахмет Мурадов елдегі толеранттылық пен ұлтаралық татулықтың маңызына тоқталды жəне БҚО ҚХА-ға облыс əкімдігі тарапынан зор жағдай жасалғанына ризалық білдірді.

  Кездесуде "Отделстрой" ЖШС директоры Валентина Михно "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында субсидиялау тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныс жасаса, облыстық Ассамблеяның белсенді мүшесі, "Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің жетекшісі Данилбек Саратов шаруа қожалықтарына жерді жалға беру мəселесіне қатысты қиындықтарды шешу жолын қарастыруды өтінді.

  Депутаттар ұсыныс-пікірлерді құп алып, алдағы уақытта бұл бағытта жұмыстанатындарын жеткізді.

Нұртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале