1.06.2017, 11:20
Оқылды: 46

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған түлектерге қолдау көрсетіледі

Бүгін Орталық комунникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте «Жас Отан» Жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Н.Жолдасқалиев жастарға арналған жобаларды таныстырды.


- Осы уақытқа дейін бұл категориядағы жастардың мәселелері, оның ішінде жұмысқа орналасуы мен тұрмыс-тіршілігімен бірде-бір ұйым тұрақты түрде айналыспаған. Алдыңғы жылдан бері «Жас Отан» ЖҚ «Сәтті қадам» жобасының II бағыты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жұмысқа орналасуына ықпалдасу мәселесі жолға қойылды, - дейді «Жас Отан» Жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Н.Жолдасқалиев.

Оның айтуынша, 2016 жылы облыс бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  193 түлек жоғарғы және арнаулы оқу орындарын бітірді. Соның 131-і «Сәтті қадам» жобасының II бағыты бойынша жұмысқа орналастырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар биылда жалғасын табатын болады. Осы жылдың ақпан айында «БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»және «БҚО Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығымен» меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, биыл ата-ана қамқорлығынсыз 118 адам оқу орнын аяқтады.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале