30.04.2020, 0:48
Оқылды: 108

Атыраулық оқушының ойлап тапқан «KazMessage» мобильді қосымшасын мыңдаған адам белсенді қолдануда

Атыраудағы Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Эльдар Құрмашев WhatsApp әлеуметтік желісінің баламасындай смартфондарға арналған бағдарлама жасап шықты. Жас өнертапқыш 15 сәуірде авторлық құқықты растайтын куәлік алған.

4e7361f6-aec0-48bb-90f2-6242b0f822e2

«KazMessage» 55 тілге ауысады. Түнгі режимі де бар. Басқа  қосымшалардан бір ерекшелігі, телефонды жоғалтып алған жағдайда, әркім арнайы белгіленген 30 цифрлы код арқылы қосымшаны басқа құрылғыға, сондай-ақ, контактілердің смс-хаттары мен сурет, видеоларын жүктеп алуға болады. Бұдан басқа, әрбір адамның байланысы үшін бөлек-бөлек әуен қоюға болады. Мұнда қазірдің өзінде оннан аса қоңырау әуені бар. Бір топқа 250 адамды тіркеуге мүмкіндік берілген.

71c91842-dbff-4ff0-ae2b-39d8a687d91c

-Алдағы уақытта аталған қосымшаны бүкіл қазақстандық  пайдаланса деймін. Сондай-ақ, білікті ІТ мамандарының көмегі болса, қосымшаны одан әрі дамытып, басқа да қолданыс аясын кеңейтуге болады. Қазіргі уақытта бұл жұмысымды информатика пәнінен ғылыми жобада тереңірек зерттеуді жоспарладым. Ең бастысы, қосымшаны қазақстандық бренд ретінде қалыптастырғым келеді. Бұл ретте атауына да «Kaz» сөзін таңдауым бекер емес, – дейді ол «Атырау» газетіне берген сұхбатында.

Жас ізденімпаз бұл жоба арқылы пайда табуды көздемеген. Қазір мессенджерді мың жарым адам белсенді қолдануда. Қосымшаны мына сілтеме арқылы көшіруге болады.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале