14.11.2019, 18:47
Оқылды: 79

Азаматтардың тіркелген мекенжайы онлайн тексеріледі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» бүгінде халыққа 723 қызмет түрін ұсынады. Оның 80 пайызы Электрондық үкімет порталы арқылы көрсетіледі.

zhanna

Бүгін Оралдағы өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте мемлекеттік корпорацияның БҚО филиалы директорының орынбасары Жанна Батаргалиева жыл басынан бері атқарған басты жұмыстары мен жаңалықтарға тоқталды.

1 қарашадан бастап алынып тасталған мекенжай анықтамасын мемлекеттік корпорация да, электрондық үкімет порталы арқылы да бермейтінін, ешбір мекеме талап етпейтінін айтып өтті. Енді Қазақстан Республикасының азаматы өзінің тіркелу орнын электрондық үкімет порталы арқылы жеке кабинетте немесе egov.kz, eGovmobile бағдарламасы арқылы тексере алады. Биылғы тоғыз айда БҚО-да 15 000-нан астам мекенжай анықтамасы берілген екен.

Н.Нұрланұлы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале