2.12.2016, 17:18
Оқылды: 28

БҚО-да үш ауылда футбол алаңдары ашылды

futbol-poleБатыс Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай көптеген игі істер жүзеге асырылуда. Соның ішінде жас ұрпақты спортқа баулу, саламатты өмір салтын насихаттау мәселесі де басты назарда болып келеді.


Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай облысымыздың Қазталов ауданының Әжібай, Нұрсай ауылдарында, Бөрлі ауданының Қанай ауылында футбол алаңдары ашылып, пайдалануға берілді.

futbol-pole-1Жасанды жамылғы төселген спорттық алаңдарды соңғы үлгі бойынша жасақтап, балғындар игілігіне ұсынған кәсіпкерлер В.Пак («СПП ЖАСА» ЖШС, Бөрлі) және Ерболат Исмурзиндерге (Қазталов) тұрғындар дән риза.

Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халеловтің айтуынша, аудандағы дәл осындай 22 спорт алаңының тең жертысы ауылдық округтерде екен.

Ашылу салтанаты аяқталған соң, балалар жаңа алаңда футбол матчын бастап та кетті.

Әсем Болат

Айым Нұрғалиева

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале