4.02.2018, 20:46
Оқылды: 32

Байрақты бəсекеде батысқазақстандықтардың мысы басым түсті

IMG-20180204-WA0038Ақпанның 2-сі мен 4-і күндері Орал қаласында қысқы Президенттік көпсайыстан ел чемпионаты өтті.

Чемпионат ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Коровинді еске алу құрметіне арналды. Оған еліміздің Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан аймақтарынан келген жəне облысымыздың Орал қаласы мен Зеленов ауданының командалары қатысты. Спортшылар садақ ату, етпетінен жатып, шынтақты бүгіп-жазу, тізені бүгіп, кермеге тартылу жəне шаңғы тебуден сайысқа түсті. Нəтижесінде байрақты бəсекеде батысқазақстандықтар бəрінен басым түсті. Кейінгі жүлделі орындарға шығысқазақстандық сайысшылар мен Ақтөбе облысының Мартук ауданынан келген спортшылар ие болды.

- Бұрын ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Коровин жетекші болған кезінде облыстық команда бірнеше жыл қатарынан ел чемпионатында жеңімпаз атанды. Бапкердің құрметіне республикалық көпсайыс осымен екінші мəрте өткізілуде. Оған қатысушы командалар саны көбейіп келеді. Биылғы Президенттік көпсайыста 100-ден астам спортшы бақ сынады. Орал командасы намысты қолдан бермеді, - деді БҚО балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Тұрарбек Алтынбекұлы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале