4.02.2020, 12:41
Оқылды: 96

Бәйтеректе "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында 19 жоба жүзеге асқан

БҚО-да аудан әкімдерінің есептік кездесуі жалғасуда. Бүгін Бәйтерек ауданының әкімі Асхат Шахаров ел алдында есеп беруде. Есептік кездесуге облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысуда.

baiterek (27)

-"Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында былтыр 915,8 млн. теңгеге 19 жоба жүзеге асып, 16 жаңа жұмыс орны ашылды. Айта кетейік, аталмыш бағдарлама арқылы 2010 жылдан бері 128 жоба қаржыландырылып, 22,2 млрд. теңге бөлінді.

"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен 2019 жылы 174 тұрғын шағыннесие рәсімдеп, 730,2 млн.теңге қаражат алды.

baiterek (7)

 Ал шаруалар "Сыбаға" арқылы 160 млн. теңгеге 312 бас симментал тұқымды ірі қара, герефорд, абердин-ангус асыл тұқымды ірі қарасын сатып алды, - деді аудан әкімі.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале