29.03.2017, 10:40
Оқылды: 55

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Батыс Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Сапар аясында Б. Сағынтаев Мемлекет басшысының Қазақстанның үшінші жаңғыруы атты Жолдауын іске асыру барысын тексереді. Премьер-Министр бағдарламасында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды, өндірістік компанияларды, білім беру мекемелерін және тұрғын-үй нысандарын аралау жоспарланған.

Компаниялар, мемлекеттік органдар және салалық құрылымдардың басшыларымен кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жер» тұрғын-үй құрылысы бағдарламасының іске асырылу барысын және ел экономикасының жалпы құрылыс саласының келешегін талқылайды. Бұдан өзге, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесімен және Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттерімен  кеңес өткізу жоспарланған.

Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысы республика үшін маңызды өнеркәсіптік маңызға ие. Өңірдің мұнай және газ өндіру, мұнай өнімдерін қайта өңдеу, машина жасау кәсіпорындары, металлургия, қорғаныс, тау-кен өндіру, тігін және азық-түлік салаларында өнеркәсібі бар.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале