2.06.2019, 9:54
Оқылды: 23

«Балаларымыздың балалық шағы уайым-қайғысыз болсын»

Оралдағы Достық үйінің алдында балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті.

фото Рафхата Халелова (189)
Алаңға жиналған ата-аналарды, балаларды облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Медхат Қамбетов құттықтады.

фото Рафхата Халелова (247)

«Кішкентай балапандарымыздың әп-әсем болып өсіп келе жатқаны егемен еліміздің қарыштап дамып келе жатқанын көрсетеді. Балаларымыздың балалық шағы уайым-қайғысыз, бақытты болса екен, алтын ұя мектептерінде сабақтарын жақсы оқып, үлгілі тәртіптерімен ата-аналарын қуантып, тәуелсіз еліміздің елжанды азаматтары болып ержетсе екен деп тілейміз. Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы ынтымақтастықты, ұлтаралық келісімді нығайту жолында жұмыстанып келеді. Сол жұмыстарының бір бағыты – қайырымдылық шаралары. Этно мәдени бірлестіктеріміз күнделікті және мереке күндері де балалар үйлеріне, ауруханаларға барып, ұл-қыздарға қуаныш сыйлап жүр», - деді Медхат Қамбетов.
Одан кейін «Хаймат» неміс этно мәдени бірлестігінің төрағасы Геннадий Франк, «Ламед» еврей этно мәдени бірлестігінің төрағасы Феликс Баюканский, «Масис» армян этно мәдени бірлестігінің төрағасы Аветик Амирханян көпшілікті мерекемен құттықтады.

фото Рафхата Халелова (230)
Мерекелік шара өнерлі балалардың әсем әнімен, көңілді биімен өріліп отырды. Әсіресе, «Досық» би тобының «Гүл-дариға»,     «Жәдігер білезік» қазақ, «Бубен ойыны» кәріс, «Малиновые зори» би ансамблінің орындауындағы «Украинский гопак» билері, сондай-ақ халық әндері жиналғандардың көңілін көтерді.

фото Рафхата Халелова (277)
Шара соңында алаңдағы барша балаға сыйлыққа балмұздақ таратылды.

Гүлбаршын Әжігереева,

суретке түсірген Рафхат Халелов
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале