20.07.2020, 10:38
Оқылды: 586

Батысқазақстандық студент интернет-дүкен ашты

Орал қаласындағы Жоғары инжернерлік-технологиялық колледжінің ІV курс студенті Тасболат Серікқалиев «Sabyrzhanayrin» отандық компаниясы жанынан интернет-дүкен ашты.

4AA34161-FB42-4D88-A031-FA822C35BE05

- Бала кезімнен өзімнің кәсібімнің болғанын армандайтынмын. Мен үшін арманымның орындалатын күні де алыс емес. Ендігі уақытта отандық танымал киім бренді "SA" Sabyrzhan Ayrinнің» ресми, заңды түрде серіктесі болып, танымал компанияның франшизасы арқылы жұмыс жасайтын боламын.

Сіздерден тапсырыстар, қолдау күтемін. Еліміздің кез келген жеріне жеткізу қарастырылған. Өз бағасынан да арзан әрі сапалы өнімдерді қолданып, отандық өнімді дамытайық! – дейді Т.Серікқалиев.

Айта кету керек, «Sabyrzhanayrin» компаниясы отандық ұлттық киім брендіне арнап елімізде жастар арасында байқау жариялаған болатын.

Байқау қорытындысында Тасболат Серікқалиев жеңімпаз атанып, жаңа қырынан танылуға мүмкіндік алды.

Бұған дейін де өзінің білім-біліктілігі, ізденімпаздығы арқасында Тасболат Серікқалиев «Қазақстанның үздік студенті» атанып, батысқазақстандықтарды бір қуантқан еді.

Оқуда озат, жігері мол жастар белсендісінің болашағының жарқын боларына сенім мол. Қолы қалт еткенде өлең жазып, кітап оқып, туған өлке тарихынан сыр шертіп, саяхаттағанды жақсы көретін Тасболат еліміздің гүлденуі мен абаттануына үлес қосатын бірден-бір маман.

Ертай Бимұханов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале