23.02.2018, 11:41
Оқылды: 18

Батысқазақстандықтар МӘМС қорына 1 208 476 мың теңге аударды

22 ақпан күні БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің кезекті брифингі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ БҚОФ 2017 жылғы жұмыс қорытындысына арналды. Брифингке спикер ретінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ БҚОФ директоры Н.Жұмағұлова қатысты.

Филиал директорының айтуынша, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2018 жылы қазақстандықтарға  сақтандыру төлемдері жайлы мәлімет алуға мүмкіндік беретін жаңа мемлекеттік қызмет түрлерін әзірлеп, емханаға тіркеу қызметін жетілдіруді жоспарлап отыр. Өткен жылдың қараша айында «МСҚ: Халықтық бақылау» қосымшасы іске қосылған болатын. Бұл еліміздегі ауруханалар мен емханалардың атқарып жатқан жұмысын тұтынушылар тарапанынан бағалап отыруға, олардың жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Бүгінде «Халықтық бақылау» мобильдік қосымшасына Батыс Қазақстан облысынан 41 (облыстық және қалалық) ұйым тіркелді, оның 6-уы жеке медициналық ұйым.

Баршаға мәлім, 2017 жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жарналар аударыла бастады. Жүйе іске қосылған шілде айынан бері қорға аударылған жарналар мен аударымдар мөлшері 38 млрд теңгеге жуықтады. Ал БҚО-ның ағымдағы кезеңдегі кірістерінің жалпы сомасы 1 208 476 мың теңгені құрады (179 830 салық төлеушілерден). Оның ішінде жеке кәсіпорындардан түскен аударымдар сомасы 206 261 346 теңге болса, төлеушілер саны - 20 184. 2017 жылы қор тұңғыш рет тіркеу нау­қа­нын өткізді. Қыркүйек айында бас­талған дәстүрлі шара екі айға созылды. Ол бұрын-соңды тіркеуге тұрмаған тұрғындарға қалаған емханаға тіркелуге мүмкіндік берді. Аталған науқанға  облыстық медицина ұйымдары да қатысты. Тіркеу науқаны кезінде БҚО-нан тіркелген тұрғындар саны 661 815 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары - 343 276 адам, ауыл тұрғындары - 318 539 адам болса, шетел азаматтарының саны - 395. Облыста 5 883 000 тұрғын емхана таңдау құқығын пайдаланды екен. Бұл өңір тұрғындарының медициналық сауаттылығының жоғары екенін көрсетеді.

Бүгінгі таңда қор халықпен кері бай­ланыс орнатуға, ашық жұмыс істеу­ге барын салып отыр. Бұл қор қыз­метінің басым бағыттардың бірі. Осыған орай тоқсан соңына қарай азаматтар МӘМС жүйесіне қатысу және төленген жарналар туралы мәліметті Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан «Электронды үкіметтің» egov.kz порталы арқылы алу (ХҚКО) мүмкіндігіне ие болмақ. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Цифрлық қолтаңбасы бар кез-келген азамат «жеке кабинетке» кіріп, МӘМС төлемдерінің соңғы рет қашан жасалғанын анықтап біле алады. Ал, бұл қызмет ХҚКО арқылы көрсетіле бастағаннан кейін тұрғындар өз атына аударылған жарналар мен аударымдар туралы мәліметті, сондай-ақ МӘМС жүйесінің қатысушысы деген анықтама қағазын да сол жерден ала алады.

Заң бойынша қор тек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ғана емес, осы кепіл­дендірілген тегін медициналық көмек пакетінің де операторы болып табылады. Сондықтан қор қазір заңда көрсетілген міндеттерін атқаруға кірісіп кетті. Қордың өңірлік филиалы аталған бағдарлама шеңберінде қызмет көрсетуден үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын жасады. Дерекқорға мемлекеттік тапсырысты орын­дауға мүдделі 54 медициналық ұйым енді. Оның 36-сы қалалық, 18-і аудандық медициналық ұйымдар болса, 41-і мемлекеттік, 13-і жекеменшік клиникалар болып табылады. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда көп. Және бұл жекеменшік ұйымдардың қор бастамасын қолдап, медициналық қызмет көрсетуде белсенділік танытқанын көрсетсе керек.

-Бүгінгі күні МӘМС қоры 2017 жылы басталған «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» Заңына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 2017 жылдың қорытындысы бойынша МӘМС қорының Батыс Қазақстан филиалы 47 кездесу өткізді,-деді Н.Жұмағұлова.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале