17.07.2017, 18:06
Оқылды: 28

Биыл Құрбан айт пен Конституция күні қатар келеді

Соған байланысты қазақстандықтар төрт күн демалады. Яғни Конституция күні мен Құрбан айт мерекесіне бір-бір күннен демалыс беріледі.


Конституция күніне байланысты қазақстандықтар 30 тамыз, сәрсенбі күні демалады. Ал Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні 1 қыркүйек – қасиетті жұмаға сәйкес келеді. Сондықтан, жұма, сенбі және жексенбі күндері демалыс беріледі. Яғни, қазақстандықтар бас-аяғы төрт күн демалыс алатын болады.

Айта кетейік, Whatsapp желісінде «Мүфтияттың айтуынша, 24 қыркүйек Құрбан айт болып белгіленді» деген жалған ақпарат тараған еді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі БАҚ бетіне бұл ақпаратты теріске шығарып, мәлімдеме жариялады. Сонымен қатар, мүфтият өкілдері мұндай жалған ақпаратты тарату ешкімді сауапқа кенелтпейтінін, керісінше, мерекеге дайындық шараларына едәуір кедергісін келтіретіндігін айтады. Сондықтан жұртшылықты қарапайым халықтың емес, құзырлы органның ресми ақпаратына жүгінуге шақырады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале