25.11.2019, 16:59
Оқылды: 315

Биыл Оралда 191 өрт оқиғасы тіркелген

Адамдар күн сайын түрлі қатерге ұшырайды. Сондай кезде көмекке құтқарушылар келеді. Күнделікті күрес, қажырлы еңбек, маңызды шешімді шұғыл қабылдауға дайын болу – батыл құтқарушылардың күнделікті қызметі.

TJ (1)

Орал қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері – офицерлік погондағы өртті, су тасқынын және төтенше жағдайлардың алдын алатын, қиын жағдайда көмекке келетін жандар.

Биыл Орал қаласында өрт саны былтырғыдан 17 %-ға азайды. 2019 жылдың 10 айында 191 өрт оқиғасы тіркелді.

Төтенше жағдайлардың алдын алудағы ең маңызды бағыт – халықты қауіпсіз тіршілік ету шараларына оқытуды, алдын алу іс-шараларын өткізу. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрғындардың назарына БАҚ арқылы, аулаларды аралау және әр түрлі үгіт материалдарын тарату арқылы жүргізіледі. Ең көп таралған, тиімді әдістердің бірі – қызметкерлердің жаднамалар, брошюралар таратуы, көшелерде билбордтар орналастыру. Алдын алу жұмыстары тікелей азаматтардың тұрғылықты жеріне бару арқылы жүргізіледі.

TJ (3)

Өскелең ұрпақты ерте жастан бастап тіршілік қауіпсіздігі дағдыларын үйрету үшін 9 айда білім беру мекемелерінде интерактивті сабақтар, викториналар, конкурстар, КТК ойыны өткізілді. Өткізілген алдын алу іс-шараларының арқасында өрттен және газдан уланып қаза тапқан және жарақаттанған адамдар азаяды.

TJ (5)

Индира Өтешева

Орал қаласы ТЖБ аға инженері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале