10.01.2019, 14:27
Оқылды: 72

Биыл Оралда №51 мектептің құрылысы басталады

Бұл жаңа мектепті Орал қаласының Зашаған кентіне салу жоспарланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты.

mektep

Былтыр 7 білім нысаны жаңадан салынып, қолданысқа берілді. Атап өтсек, Орал қаласының Деркөл кентінде 600 орындық мектеп,  Зеленов ауданы Дариян ауылынан 100 орындық мектеп жанындағы интернатымен 300 орындық мектеп, Орал қаласының Зашаған кентінде  900 орындық мектеп, Ақжайық ауданының Шабдаршап ауылында 198 орындық мектеп. Сондай-ақ, Бөкейордасы ауданының орталығы Сайқын ауылында 70 орындық интернат, Қазталов ауданы орталығында саз мектебі, Бөрлі ауданындағы Ақсай қаласында 240 орындық балабақша пайдалануға берілді.

Нұрлыбек Рахманов,

© zhaikpress.kz

сурет ғаламтордан

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале