28.01.2019, 22:31
Оқылды: 20

Биыл Зачаганда жол жөндеу жұмыстары қарқын алмақ

Бұл жайлы бүгін Орал қаласындағы Зачаган кентінің әкімі Әділбек Қадыровтың тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде айтылды. Кент әкімінің есебіне Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев қатысты.

c15e1c02-9751-4605-a297-18178480d15f

 Кент аумағында 172 көше бар. Олардың жалпы ұзындығы 167 627 шақырым.

Балауса шағынауданындағы №6 және 7 қоғамдық көлік жүретін 3400 метр көше мен 6000 метр жаяулар жолы салынған. Теміртау көшесіне (1034 метр), СМП шағынауданындағы Құрылысшылар көшесіне (1084 метр), «Жақсы ауылдағы» №30 балабақшаға кіреберіс 610 метр жолға асфальт төселген. Былтыр кенттегі 6,1 шақырым жол мен 7,2 шақырым жаяулар жолына жөндеу жүргізілген.

zachagan (5)

Биыл да бұл кентте жол жөндеу жұмыстары қарқын алмақ. Есепті кездесуге қатысқан Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев бірнеше көшенің жол жөндеу жобасы сараптамаға жіберілгенін айтты. Мұрат Рахметұлының айтуынша, кенттегі жол мәселесі күрделі аймақтарға аса ауқымды жобалар әзірленуде. Әсіресе Балауса шағынауданы және Сарытау көшелері ескерілетініне ерекше тоқталып өтті.

Нұрлыбек Нұрланұлы,

суретке түсірген автор

©zhaikpress.kz

zachagan (21)

zachagan (9)

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале