7.11.2019, 18:40
Оқылды: 302

БҚО әкімінің бастамасымен «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталады

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде бөлініс басшыларының қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.

«Бүгінгі күні жол-көлік оқиғасы қоғамды өзекті мәселеге айналып отыр. Облысымызда ағымдағы жылдың 10 айында жол-көлік оқиғаларының саны азайды, яғни, 7%-ға азайып отыр. Алайда, жол-көлік оқиғаларының салдарынан жапа шеккендердің саны азаймай отыр. Биыл 10 айда ЖКО салдарынан қаза болғандар саны – 90 (2018 жылы - 94) адамға жетіп отыр. Бұған басты себеп - жол қозғалысына қатысушылардың жол ережесін дұрыс сақтамауы, жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден кесіп өтуі, масаң күйде жолға шығып кетуі, ішімдік ішкен күйде көлік құралдарын басқару, жылдамдықты арттыру. Аталған себептермен биыл бүгінгі күнге дейін 70 мыңға жуық (2018 жылы – 12 мың) адам әкімшілік жауапкершікке тартылды. Осыған байланысты жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жергілікті атқару органдарымен бірлесе отырып түрлі кешенді шаралар өткізу қолға алынды», - дейді БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы К.Қоспаев.

policia (1)

Суретте БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы М.Қоспаев

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекіткен жедел-профилактикалық іс-шаралар кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауын орындау, сондай-ақ, жүргізушілер арасында көліктік тәртіп пен жол-көлік оқиғаларының санын төмендету мақсатында ағымдағы жылғы 1 қараша мен 2020 жылдың 1 қаңтары аралығында БҚО аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді. Аталған профилактикалық іс-шара барысында мүдделі мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдардың, көліктерді бақылау басқармасының қызметкерлері және «Нұр Отан» ХДП өкілдері қатырынан жұмыс тобы құрылып, арнайы дайындалған жоспарға сәйкес жұмыс жүргізіледі.

policia (4)

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале