4.09.2018, 13:06
Оқылды: 22

БҚО-да 15 ІТ-сынып бар

Оқушылар сарайында «Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған ақысыз IT-сынып» жобасы аясында IT-сынып ашылды.

IT

 «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы саяси бөлімінің меңгерушісі Мирас Тұяқбаевтың мәліметінше, облыста ашылған 15 ІТ-сыныпты жабдықтауға бюджеттен 49,8 млн. теңге бөлінген. Жоба бойынша үш жылда мұндай сыныптардың саны 45-ке жеткізіліп, жасы 8-16 аралағындағы 9 мың бала робот техникасы мен бағдарламалау негіздерін меңгеріп шығады.

Қазіргі уақытта М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ІТ-орталығында сыныпқа жетешілік ететін 30 маман STEM Academi Болашақ Инжинриинг бағдарламасы бойынша оқу курсынан өтті.

Соның бірі – Нұрлан Қырықбаев Оралдағы оқушылар сарайында сабақ береді. Нұрланның айтуынша, балалар халықаралық стандартқа сай робот техникасы, бағдарламалау, 3D-моделдеу бағыттары бойынша білім алады. ІТ-сыныпта 3D-баспасы бар. Одан пластмассадан қаламсап жасап алуға болады. Алдағы уақытта шахмат тақтасын басып шығаратын модель әзірленуде. Курс аяқталғанша жоспарға сай тапсырмалар да күрделеніп отырады.

IT-сыныптың ашылуында оқушылар бағдарлама арқылы түрлі кескіндегі роботтарды қозғалта отырып, оларды басқару жолдары жөнінде баяндады.

Нұртай ТЕКЕБАЕВ,

Zhaikpress.kz

IT1

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале