17.02.2017, 12:00
Оқылды: 22

БҚО-да 50 шақты ауылға ауыз су жеткізіледі

Бұл туралы өңір басшысы Алтай Көлгінов халық алдындағы есебі кезінде айтты.


Оның айтуынша, осы жұмыстарға 11 млрд.теңге қаржы қажет. Биыл 5,3 млрд. теңгеге 8 ауданның 19 ауылы таза сумен қамтылады. Яғни осы жылы 19 мыңнан астам тұрғынға орталықтандырылған ауыз су жеткізіледі.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облысымыздың 164 елді мекеніне орталықтандырылған таза су жеткізілген. Яғни, таза су бар елді мекендердің саны 40 пайызға да жетпейді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале