7.11.2019, 19:00
Оқылды: 321

БҚО-да 67 оқушының қылмысқа қатысы анықталды

БҚО Полиция департаментінде өткен брифинг кезінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында өткізіліп жатырған іс-шаралар бойынша БҚО ПД сөз алған Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы К.Қоспаев ағымдағы жылы 10 айдың ішінде атқарылған шаралар барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылар саны 6,5%-ға (93-тен  87-ге дейін) азайғанын айтты. Статистикалық мәліметке сәйкес, кәмелетке толмағандардың қатысымен жасалатын қылмыстарға 67 оқушының қатысты болса, оның ішінде 27-сі мектеп, гимназия, лицей оқушылары, 37-сі колледж оқушылары, ал 3-еуі ЖОО студенттері екен.

Жасөспірімдердің қатысымен 39 ұрлық, 8 тонау, 11 алаяқтық, 4 бопсалау қылмыстары тіркелген. Жастардың мұндай қылмыстарға барудың басты себебі - ата-ана тарапынан қадағалаудың болмауы.

Depositphotos_239982418_l-2015-pic905-895x505-35136

Осыған байланысты жедел жағдайды жақсарту және кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында қала және аудан әкімдіктерімен, білім беру органдарының өкілдерімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп облыс аумағында ағымдағы жылдың 10 айында "Қолайсыз отбасы", "Түнгі қаладағы балалар", "Жасөспірім – Заң - Қауіпсіздік", "Каникул", "Жұмыспен қамту", "Сабақ", "Қайыршылық" сияқты бірқатар жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді.

Сонымен қатар, ПД ЖПҚБ бастығы жол-көлік оқиғасы салдарынан жапа шеккен жасөспірімдердің санына да тоқталып өтті.  Ағымдағы жылы жол-көлік апаты салдарынан 5 бала қаза болып және 50 бала түрлі дәрежедегі жарақат алған.

ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес және 2011-2020 жылдарға арналған Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жарақаттанудың алдын алу бойынша іс-шараларды іске асыру бойынша ұлттық жоспарының 10-тармағын орындау мақсатында, сондай-ақ жол қозғалысы жасақтары (жол қозғалысының жас инспекторлары) қызметін жетілдіру және балалардың қатысымен болатын жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша жұмысты жандандыру мақсатында жыл сайын "Жол қозғалысының жас инспекторлары" облыстық слеті өткізіледі.

Сондай-ақ оқушылар арасында балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында балалардың жол үстінде жүру ережесін түсіндіру бағытында  жаңа оқу жылы алдында 1-30 қыркүйек аралығында "Назар аударыңыз-балалар!" атты жедел-профилактикалық іс-шарасы да өткізілген еді.

 БҚО ПД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале