16.02.2019, 10:46
Оқылды: 20

БҚО-да «7-20-25» бағдарламасы бойынша 164 пәтер берілді

Бұл жайлы БҚО әкімі Алтай Көлгінов халық алдындағы есебінде айтты. Дәл қазір Орал қаласындағы Оқушылар және жастар сарайында облыс әкімі тұрғындар алдында есеп беруде.

IMG_0805

- Әлеуметтік аз қамтылған азаматтардың мәселесін шешуге Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы серпін берді. Бұл бастамалардың облыс көлемінде жүзеге асырылуындағы алғашқы нәтижелерін атап өтсек, «7-20-25» бағдарламасы бойынша 1,4 млрд. теңгеге 164 пәтер берілді. 67 мың азаматтың айлық табысына түсетін салық азайтылды. Болашақ мамандар үшін 148 грант беріліп, биыл 5 жатақхана құрылысын бастаймыз. 4,3 млрд.теңге қаржы 1242 шағын несие берілді,-деді облыс әкімі.

2018 жылдың көрсеткіштерінің барлығында өсім бар. Өңірлік ішкі өнімнің көлемі болжам бойынша 2,5 трлн теңгені құрады. Еліміздің ішкі жалпы өнімінің 5 проценті – біздің өңірдің үлесі.

zhaikpress.kz

Суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

IMG_0789 IMG_0812 IMG_0786

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале