17.09.2018, 18:01
Оқылды: 68

БҚО-да Асфендияров атындағы университеттің филиалын ашу мәселесі талқыланды

Бұл туралы Батыс Қазақстан Жоғары медициналық  колледжінде денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының қатысуымен өткен жиында айтылды.

Темирболат Токмамбетов1

Сапалы медициналық көмек көрсетуді дамыту тақырыбын талқылаған жиынға ҚР профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау ассоцациясының мүшесі Алмаз Шарман, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің ректоры Талғат Нұрғожин, Литва мемлекетінің экс білім министрі, Литва денсаулық ғылым университетінің хирургия факультетінің профессоры, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің провосты Дайнюс Павалкис, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрданат Беркінғали, Батыс Қазақстан  жоғары медициналық колледжінің директоры Хамидолла Ирменов қатысты.

Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты және өзара түсіністікті арттыру мақсатында Литва денсаулық ғылым университеті, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университеті және Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы үш жақты меморандумға қол қойды. Аталмыш келісім аясында, денсаулық сақтау мен медициналық ынтымақтастықтан бөлек,  білім беру мен ғылым саласындағы әріптестік те нығаймақ.

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің ректоры Талғат Нұрғожиннің айтуынша, меморандумда Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің қабырғасында Асфендияров атындағы университеттің облыстық филиалын ашу жоспарлануда.

-Дәрігерлердің оқуы ұзақ қой. Олар алты жыл оқыған соң, екі-үш жыл практикадан өтеді. Біз өз кезегімізде екінші, үшінші жылғы резиденттерімізді осы жердегі  қалалық, облыстық ауруханаларға жібереміз. Қазір дәрігерлер жетіспейтіндіктен, резиденттердің болғаны жақсы. Олар алты айлық, бір жылдық практиканы осы жерде өткізіп, кейіннен маман болып қала алады. Одан бөлек, облыстық филиал осы өңірдегі дәрігерлердің біліктілігін көтеруге үлес қоспақ. Ол үшін біздің универсиеттің мықты профессорлары осында келіп, тәжірибе бөліседі деп жоспарлаудамыз дейді, - университет ректоры Талғат Нұрғожин.

Жиында денсаулық сақтау ұйымының басшылары сұрақ қойып, мамандармен ой бөлісті.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ,

zhaikpress.kz

Темирболат Токмамбетов3 Темирболат Токмамбетов4 Темирболат Токмамбетов5

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале