4.08.2017, 17:37
Оқылды: 19

БҚО-да ауыл әкімі болуға 289 үміткер ниет білдіріп отыр

Батыс Қазақстан облысында 7 және 9 тамыз күндері 95 ауылдық округ әкімін сайлау өтеді. БҚО сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Вячеслав Иночкиннің айтуынша, облыс бойынша барлығы 289 үміткер тіркелген, әр орынға үш адамнан келеді.


Ауыл әкімдерін сайлау бұдан төрт жыл бұрын, 2013 жылы тамызда өткізілген болатын. Төрт жылда қызмет мерзімі бітетіндіктен, биыл 151 ауылдық округтің 95-інде сайлау өтеді. Қалған округтерде әкімдердің қызмет ету мерзімі аяқталуына орай болады. Әкімдерді Орал қалалық және аудандық мәслихат депутаттары, яғни таңдаушылар сайлайды. 7 тамызда Орал қаласы мен Бөкей ордасы, Жәнібек сияқты аудандарда, ал 9-ында Ақжайық, Бөрлі, Қазталов, Теректі, Зеленов секілді ірі, негізінен біріктірілген аудандарда сайлау болмақ. Оралда Круглоозерный, Желаев ауылдарында жаңадан әкім сайланбақ. Қазіргі кезде үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Елжан Ералы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале