22.02.2017, 10:29
Оқылды: 53

БҚО-да ауыз суды субсидиялауға қаржы бөлінбек  

 

Бұл туралы ОКҚ-ның облыстық филиалында өткен брифингте облыстық  энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ғалым Орынғалиев мәлімдеді.


- Биыл Ұлттық қордан бөлінген 2 529 380 мың теңге есебінен тоғыз жоба жүзеге асырылып, осының негізінде төрт ауданда (Ақжайық, Бөрлі, Зеленов, Сырым) 28,8 шақырымдық жылу, 185,7 шақырымдық сумен қамту желісіне қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіледі. «Қазір жобалар бойынша мемлекеттік сатып алулар үдерісі жүргізілуде. Осы жобалар нәтижесінде 12 мың тұрғыны бар сегіз елді мекен сапалы ауыз сумен, Ақсай қаласындағы 15 мыңнан астам тұрғын жылумен қамтылады», - деді  Ғ. Орынғалиев.

Оның айтуынша, 2016 жылы 128627 халқы бар 78 елді мекенге берілген 405,2 мың текше метр көлемдегі ауыз суды субсидиялауға 866,7 млн. теңге бөлініп, игерілген. Биыл топтық және оқшау сумен қамту жүйелерін қамтамасыз етуге 916,4 млн. теңге жұмсалады.

 

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале