12.12.2017, 17:41
Оқылды: 50

БҚО-да «Азаматтарды қабылдау орталығы» ашылды

2Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының «Азаматтарды қабылдау орталығы» ашылды деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы.

Азаматтарды қабылдау орталығы азаматтарды қабылдау және прокуратура органдарының құзіретіне жататын құқықтық сұрақтар бойынша кеңес беру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, облыс, аудан прокуратурасының басшыларына қабылдауға жазылу, арыз-шағымдарды қарау нәтижесі бойынша мәлімет және жауаптардың көшірмесін беру, прокуратура ғимаратына кіруге рұқсат беру және келушілерді қарсылап алу қызметтерін ұсынады.

Аталмыш орталықта облыс прокуратурасының салалық қызметтерінің кезекші прокурорлары, облыс прокурорының өтініштерді қарау және іс жүргізу бойынша аға көмекшісі, кеңесші-консультанттар және басқа да мамандар қызмет көрсетеді.

IMG_9203Орталық дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-дан сағат 18:00-ға дейін қызмет көрсетеді. Түскі үзіліс 12:30-14:30 сағат аралығында. Ал сенбі күні 10:00-12:00 сағат аралығында кезекші прокурор және өтініштерді қабылдау бойынша маман жұмыс жасайды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале