5.10.2018, 18:18
Оқылды: 54

БҚО-да білім саласының үздіктері марапатталды

Облыс әкімдігінде Ұстаздар күніне арналған салтанатты шара өтті.

ustaz qabildau (3)Өңіріміздің ең үздік педагогтарын мерекемен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов білім саласында болып жатқан оң өзгерістерге тоқталды.

-Елбасы Н. Назарбаев бүгінгі Жолдауында келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігін айтты. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға көмектесері сөзсіз. Ең негізгі қағида мұғалім мұғалімдікпен яғни, бала оқытумен айналысуы керек, - деп сөзін сабақтаған Ғабидолла Абдоллаұлы танымал, ардагер ұстаз Мариям Абдушеваны ҚР Астана қаласының 20 жылдық мерекелік медалімен марапаттады.

Сондай-ақ, дәл осы күні білім саласында ерен еңбегімен танылған ұстаздар облыс әкімі Алтай Көлгіновтың алғысхатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Олардың қатарында Ақжайық ауданы, Абай атындағы мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсел Ерментаева, №8 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Асан Заиров, Теректі ауданы, Шаған орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Елена Плотникова бар.

Ұстаздықтың биік шыңын бағындырған ардагер ұстаз Мариям Мамайқызы жас ұстаздарға «Ең бастысы адамнан жақсылықты аямаңдар! Өз жұмыстарыңды беріліп, сүйіспеншілікпен жасаңдар. Сонда істерің алға басады. Бақытты болыңдар!» деп ақ батасын берді.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ,

суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

ustaz qabildau (4)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале