1.06.2017, 16:14
Оқылды: 22

БҚО-да ертең бұршақ жаууы мүмкін

«Қазгидрометтің» мәліметі бойынша, ертең Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, күн күркіреуі мүмкін.


Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Орал қаласында 2 маусымда солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 18 м/с-ке дейін күшеймек.

Төтенше жағдай қаупі төнгенде 51-42-22, 112 телефондарына хабарласуға болады.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале