22.02.2017, 10:27
Оқылды: 41

БҚО-да газдандыру деңгейі 95 пайызға жетпек

Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ғалым Орынғалиев Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалы ұйымдастырған брифингте айтты.


Ғалым Орынғалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта облыс тұрғындарының табиғи газбен қамтылуы  93,4%-ды құрайды. Биыл республикалық бюджеттік комиссия 3 млрд. теңгенің үстінде қаржы қарастырды. Осы қаржы есебінен Сырым, Қаратөбе, Шыңғырлау аудандарындағы нысандарға газ тарту жұмыстарын  аяқтауға 750 млн. теңге, Орал жылу орталығына резервтік газ құбыры құрылысын аяқтауға 2 млрд. теңгенің үстіндегі қаржы бағытталып, Бөкей ордасы ауданындағы нысанға 500 млн. теңге бөлінбек. Облыстық бюджеттен бөлінген 420,70 млн. теңге қаржыға Ақжайық ауданындағы 11 (Жаңажол, Тегісжол, Жамбыл, Бітік, Үштөбе, Сарман, Битілеу, Тоған, Қарағай, Ақбұлақ, Есім), Жәнібек ауданындағы екі (Майтүбек, Жұмаев), Сырымдағы алты (Тоғанас, Аңқаты, Қарағанды, Қоспанкөл, Жаңаөмір, Сасықкөл), Жаңақала ауданындағы төрт (Мұқыр, Жуалыой, Жангелді, Сарыкөл) елді мекенге газ құбыры жаңадан тартылады.

- Облыста қысқы жылыту маусымы қалыпты өтуде. Елді мекендерге газ құбырын тарту жұмыстарының қарқынды жүруіне байланысты биыл қатты, сұйық отын сатып алуға жұмсалатын қаржы 50 млн. теңгеге кеміді. Мұндай үдеріс әрі қарай жалғасады. Газ құбырын тарту, көгілдір отынмен қамту жұмыстарынан облыс республика бойынша алдыңғы орында. Ауылдарды газға қосу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Биылғы газ құбырын тарту жұмыстарының нәтижесінде облыс тұрғындарын газбен қамту деңгейі  93,4-тен 95 пайызға жетпек, - деді Ғалым Орынғалиев.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале