22.05.2019, 17:42
Оқылды: 429

БҚО-да «Қару» профилактикалық шарасы кезінде 76 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

БҚО Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, қаруды пайдаланып, жасалатын қылмыстың алдын алуға бағытталған «Қару» жедел-профилактикалық шарасы 20-23 мамыр аралығында өтеді.

 SAM_3708

Аталған іс-шара кезінде қару иелерінің тұрғылықты жері бойынша қарудың моделі, түрі, үлгісі, нөмірі, калибрі анықталуда. Олардың сақталуы (сейф, жұмыс істейтін сигнализацияның бар-жоғы), уақтылы тіркеу және қайта тіркелуі (рұқсаттың жарамдылық мерзімі, қару иесінің тұрғылықты мекенжайы бойынша қарудың есебі, БДБ-мен салыстыра-тексеру) тексерілді.

Екі күні ішінде мекен жай бойынша 1 694 қару иесі тексеріліп, 76 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қаруды сақтау ережесін бұзғандары үшін 53 қару тәркіленіп (51 тегіс ұңғылы, 2 газды тапанша), иелеріне айыппұлдар салынды.

Іс-шара кезінде тіркелмеген 1 бірлік электрошокер, 1 бірлік тегіс ұңғылы, 1 бірлік ойық ұңғылы қару тәркіленген.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале