28.02.2020, 18:36
Оқылды: 65

БҚО-да коронавирустық инфекция жұқтыру дерегі тіркелген жоқ

Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, ауру жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ. Бұл жайлы бүгін БҚО бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев тілшілерге арналған брифингте мәлімдеді. Енді «Орал» әуежайына халықаралық әуе рейстерімен келген азаматтарға күшейтілген санитарлық-карантиндік бақылау жүргізіледі.

koronavirus 2

 

1 наурыздан бастап ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 ақпан күнгі «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы» қаулысы күшіне енеді.

Қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына келген азаматтар 3 санатқа бөлінеді.

Сонымен, 1-санат бойынша 2020 жылдың 1 наурызынан бастап Қытай Халық Республикасынан және Ираннан келгеніне 14 күннен аспаған азаматтар жергілікті атқарушы органдармен айқындалған оқшауланған үй-жайларда 14 күн карантинге орналастырылады. Карантиннен кейін тұрғылықты жері бойынша қосымша 10 күн медициналық бақылауда болады.

Коронавирустық инфекциямен ауру тіркелген елдерден келген адамдарды Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен күннен бастап 14 күн бойы тұрғылықты жері бойынша медициналық қызметкерлер үйде оқшаулау арқылы (халықтың жаппай жиналатын орындарына бармау, үй карантині) күнде барып тексеріп отырады. Оқшаулау аяқталғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша медициналық бақылауда тағы 10 күн болады (күнделікті телефон шалу).

2-санат бойынша тұратын (болатын) жері бойынша медициналық қызметкердің күнделікті 14 күн бойы қатысуымен бақылау жүргізіледі, одан әрі 10 күн бойы қоңырау шалу арқылы медициналық бақылауда болады.

3-санат бойынша ҚР шекарасынан өткен күннен бастап 24 күн бойы қоңырау шалу арқылы тұрғылықты жері бойынша медицина қызметкерінің бақылауы жүргізіледі.

28 ақпандағы жағдай бойынша жыл басынан Қытайдан келген азаматтардың барлық саны – 132. Қазіргі уақытта бақылау аяқталды, ешқайсысында коронавирус инфекциясы анықталған жоқ.

Орал көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімшелік басқармасының мамандарымен термометриямен тексеру, сауалнама жүргізу және алдын алу шараларын сақтау туралы хабарлама беру арқылы «Орал» әуежайына халықаралық әуе рейстерімен келген азаматтарға күшейтілген санитарлық-карантиндік бақылау жүргізіледі.

Ресей Федерациясымен шекарадағы автоөтпелерде шекара қызметі барлық азаматтарға, соның ішінде ҚХР-дан келетін және коронавирус бойынша қолайсыз елдердің азаматтарына бақылау жүргізеді, кейіннен медициналық бақылау жүргізу үшін департаментке мәліметтерді жібереді.

Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігінде коронавирус мәселелері бойынша 1406 Call-орталығы құрылды. Қоңырауларды өңдеу орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Мамандар әлемдегі коронавирус аурушаңдығы туралы барлық ақпаратты түсіндіреді.

Қазіргі уақытта ЖРВЖ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі жүріп жатырғандықтан, ұйымдастырылған ұжымдарда (мектептерде, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, жоғары оқу орындарында) сүзгілердің жұмысы күшейтілуі тиіс, катаралды құбылыстары бар балалар жалпы білім беру объектілеріне бармағаны жөн.

zhaikpress.kz

 

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай ескеріле отырып, инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу, денсаулықты қорғау үшін алдын алу шаралары төмендегідей:

- дене температурасын күніне 2 реттен кем емес өлшеу;

- үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету;

- күн сайын ылғалды тазалау жүргізу;

- қолды сабынмен жиі жуу;

- жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, ұстара аспаптары және т. б.) пайдалану.

- ауру симптомдары пайда болған кезде (дене қызуының жоғарылауы, мұрын, жөтел және т.б.) жедел жәрдем шақыру.

- жөтел этикетін сақтау (қашықтықты сақтаңыз, жөтел кезінде аузыңызды жабыңыз және бір рет қолданылатын майлықтармен немесе киіммен шаюды және қолыңызды жуыңыз).

 

Үй карантині жағдайында оқшауланған адамға:

- Жеке жақсы желдетілетін бөлме бөлу;

- оған басқа адамдардың келуін болдырмау;

- халықтың жаппай жиналатын орындарына бармау;

- қоғамдық көлікті пайдаланбау қажет.

- температурасы бар адамдарға қоғамдық орындарға бармау және уақытылы медициналық көмекке жүгіну;

- 1406 телефоны бойынша күдікті жағдайлар мен жетіспейтін медициналық көмек туралы хабарлау.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале