26.05.2020, 13:26
Оқылды: 579

БҚО-да мектеп бітіруші түлектерге арналған шара 3-4 маусымда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау арқылы өтеді

Бұл туралы бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған онлайн брифингте БҚО білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнəр Сəрсенғалиева баяндады.

rsk_zko_20200526_3

- Биылғы оқу жылының қашықтан оқытумен аяқталуы жəне карантиндік жағдайға байланысты мектеп түлектеріне арналған шара ағымдағы 3-4 маусымда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі. Мектеп бітірушілерге аттестат табыстау шарасына бітірушілердің, педагогтердің, ата-аналардың денсаулығын, өмірін сақтау, коронавирустық инфекцияны алдын алу мақсатында өзге құрметті қонақтар шақырылмайды. Екі ата-анадан өзге тұлғалар қатыспағаны жөн. Бітірушілерге арналған шара сырттағы мектеп аумағында өткізіледі. Мектеп бітірушілер мектеп формасында болады. Әр қатысушы арасында дистанция 1,5 - 2 метр арақашықтық жəне бетперде тағу тәртібі сақталуы тиіс. Шараның өтуіне қатысты бекітілген талаптар:

-бітірушілерге арналған шараның ұзақтығы 20 минутты құрайды;

-ата-аналар мен оқушылардың арақашықтығы реттілікпен сақталуы тиіс.

Сонымен қоса ескертетін маңызды ақпарат: мектепке, педагогтерге, мектеп әкімшілігіне сыйлықтар беруге; аниматорларды, жеке студияларды жалдауға; тойлауға, мерекелік дастархан əзірлеуге, далалық жерлерге бірігіп саяхаттауға, мейрамханалар мен кафелерде бітіру кешін ұйымдастыруға қатаң тиым салынады - деді Гүлнəр Ақмырзақызы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале