5.04.2019, 21:44
Оқылды: 22

БҚО-да мемқызметкерлер арасында спартакиада басталды

Орал қаласында облыстағы мемлекеттік қызметкерлер арасында облыстық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.

IMG-20190405-WA0102

Шараның ашылуына қатысқан облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Асылұлын Досжанов пен БҚО мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрайымы Айгүл Исекенова ойыншыларға сәттілік тіледі. Мемлекеттік қызметкерлер күніне орайластырылған жарыс сәуір-маусым айлары аралығында өтеді. Облыс және Орал қаласы әкімдігінен, шаһардағы бірнеше мемлекеттік мекемеден және 12 ауданнан барлығы 19 команда қатысуда. Олар баскетбол, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, қол күресі, шағын футбол, президенттік көпсайыс, волейбол, асық ату, отбасылық эстафета сайыстарынан сынға түсетін болады. Жарыстың бас төрешісі облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебінің директоры Абай Бақманов болса, бас хатшы №5 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Бапахова.

Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале