8.08.2019, 20:52
Оқылды: 337

БҚО-да үйді табиғи газға қосу бағасын төмендету жолдары қарастырылуда

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің бастамасымен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры Манас Тасыбаевпен және «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС бас директоры Арман Қасеновпен кездесу өтті.

IMG-20190808-WA0170-01

Кездесу барысында өңірді газдандыруға байланысты ағымдағы және перспективалық мәселелер талқыланды. Аймақ басшысы облыс тұрғындарының үйлеріне табиғи газға қосу бағасының қымбаттығына шағымданатыны туралы хабарлады. Облыстың аудандарында баға 180 мыңнан 500 мың теңгеге дейін жетуде. Бұл қызмет бәсекелестік нарықта болғанымен, М.Тасыбаев осы мәселені зерделеуге және қызмет құнын төмендету жолдарын ұсынуға дайын екендігін білдірді.

Сондай-ақ облыс әкімінің өтініші бойынша «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС Орал қаласында метан өндіру стансасын салу жөнінде ұсыныс жасады. Ол әлемнің көптеген елінде мотор отыны ретінде пайдаланылады. Метанды қолдану бензин мен дизель отынын қарағанда 2-3 есе тиімді, экологияға әсері де аз. Мұндай стансаны салу үшін метанды тұтынудың жылдық көлемі 7,5 млн. текше метрден кем болмауы тиіс.

Облыс әкімі Батыс Қазақстан облысы табиғатты қорғау мәселесінде көшбасшы болуға тиіс екендігін және автобустардың, жүк және басқа да автокөліктерінің иелері қызығушылық танытатын отынның осы түріне қажетті сұраныс көлемін дайындауға әзір екендігін атап өтті.

Сондай-ақ «Жайықжылуқуат» АҚ-ның «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ алдындағы табиғи газ үшін мерзімі өткен берешегі мәселесі талқыланды. Жиналған қарыз сомасы шамамен 900 млн. теңгені құрайды және келе жатқан жылыту маусымында газ беруді тоқтату қаупі бар. Өңір басшысы қазіргі уақытта облыс әкімдігі монополистің жаңа басшылығымен кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдауды аяқтайтынын, содан кейін бұл мәселені орталық билік органдары деңгейіне шығару жоспарланғанын хабарлады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале