15.09.2017, 16:16
Оқылды: 23

БҚО-да жеті лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған

 

Облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры С. Мүксімовтің қатысуымен Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Кеңес отырысында С. Мүксімов Әдеп жөніндегі кеңестердің мемлекеттік қызметшілер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың сапалы құралы екеніне тоқталды. Оның айтуынша, еліміздің барлық өңірінде Әдеп жөніндегі кеңестердің 95 отырысы өткізіліп, 650 мәселе қаралды. Қаралған тәртіптік істер бойынша 1210 ұсыным беріліп,  бүгінгі таңда 262 лауазымды тұлға, соның ішінде 122 лауазымды тұлға әдеп кодексі талаптарын сақтамағаны бойынша, ал  140 лауазымды тұлға мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық үшін жауапкершілікке тартылған.

Бұл тұрғыдан алғанда БҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңесінің жеті отырысы өткізіліп, 52 мәселе қаралды. Қаралған тәртіптік істер бойынша 23 ұсыным берілді. Бүгінгі таңда барлық ұсыным орындалып, 23 лауазымды тұлға, соның ішінде 16-сы мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық үшін, ал жеті тұлға  әдеп кодексі талаптарын сақатамағаны бойынша тиісті тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Кеңес отырысында  облыстық ішкі істер департаменті тарапынан мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың бұзушылық профилактикасы мәселесі бойынша 2016 және 2017 жылдары атқарылған жұмыстарының нәтижелері, БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің 2016 жылғы қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою шаралары бойынша атқарылған жұмыстар бойынша мәселелер қаралды.

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале