12.04.2019, 15:21
Оқылды: 58

БҚО-дағы полиция қызметкерлері жалпыхалықтық диктант жазды

Аталмыш шараға құқық қорғау құрылымының 50-ден астам қызметкері қатысты.

 diktant (3)

– Латын әліпбиіне көшу заман талабы деп танығандықтан, республикалық іс-шараға өзіндік үлес қосуды жөн санадық. Өз басым латын әліпбиіне көшуді жаңаны қабылдау деп емес, түптамырымызға оралу деп санаймын. Қазіргі кезде барлық маңызды ғылыми еңбектер латын әліпбиінде жазылып, әлемнің 50 пайыздан астам халқы аталған әліпбиді қолданады. Емле-ережесі жобаланғанмен, әлі жүз пайыз мақұлдана қоймаған әліпбиге қатысты еліміздің әр азаматы ой қосып, ұсыныс-тілектерін білдіргені жөн деп есептеймін. Мен үшін бүгінгі диктант қиын болған жоқ. Біріншіден, мектепте ағылшын тілін оқығандықтан, екіншіден, осы кезге дейін телефон арқылы хабарламаны латын қарпімен жазатынмын. Тек «и» мен «і» секілді жазылулары ұқсас кей әріптерде ойланып қалғаным болмаса, өзімді тексеру барысында жазба жұмысымнан қателік таппадым, -дейді БҚО ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Әсет Кәленов.

Аталмыш департаменттің ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы Жазира Кенжееваның айтуынша, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан үзінді ретінде алынған, 82 сөзден тұратын диктантты қызметкерлер тиісті 20 минут аралығында үлгеріп жазып шыққан. Бірінші рет орындалған жазба жұмысы үшін нәтиже жаман емес.

«Қызметкерлерге латын әліпбиін үйрету бойынша департамент басшылығы тарапынан арнайы жоспар құрылды. Әзірге облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған семинарларға қатысып, жаңа әліпбиді игерудеміз. Толықтай меңгергеннен кейін қызметкерлер арасында курс ашуды жоспарлап отырмыз», -дейді Жазира Сағидоллақызы.

Аяужан Кереева,

zhaikpress.kz

diktant (1) diktant (2)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале