17.10.2017, 10:11
Оқылды: 43

БҚО-дағы туризм мәселесі талқыланды

Облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Игор Стексовтың басшылығымен өңірдегі туризм мәселеріне арналған жиын өтті.

Жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі агенттіктің облыстық департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Біржан Хайруллин және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жобалық кеңсенің әкімгері Мұхтар Дәулетжановтың хабарламалары тыңдалды.

Облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Әнуар Ниетқалиев туристік саланың 2013-2018 жылдары қаржыландырылуы және өңір делегациясының биылға жоспарланған көрмелер мен форумдарға қатысу туралы хабарлама жасады.

Басқосуда туризм саласын дамытуға қосқан үлесі үшін облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры В.Фомин, БҚО «Ақжайық» туристік қауымдастығының президенті Н.Пустобаева, «Саят» ұлттық туристік орталығы директоры Айболат Құрымбаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет» грамоталарымен марапатталды.

Серік Ихсанғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале