5.04.2017, 19:04
Оқылды: 47

БҚО ІІД-де 85 бірлік қару жойылды

Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері комиссия мүшелерінің қатысуымен кезекті қаруды жою жұмысын жүргізді, деп хабарлайды БҚО ІІД баспасөз қызметі.


 

Қызып тұрған отқа 62 дана тегіс ұңғылы аңшылық қару, 8 дана газды тапанша, 3 дана травматикалық қару, 4 дана пневматикалық тапанша, 2 дана шолақ мылтық, 6 дана заттай айғақ жөнелтілді.

Сондай-ақ 6 дана заттай айғақ заттар да жойылды: 3 дана аңшылық қару, 1 дана шолақ мылтық, 1 дана травматикалық қару, 1 дана пневматикалық тапанша. Ұзын саны 85 бірлік қару бөліктері өртке оранды.

Қаруды жою жұмысы  Орал қаласындағы «КАЗАРМАПРОМ» ЖШС зауытында жүргізіліп, зауыттың шойын балқыту пешінде отқа оранған металдар санаулы сәтте еріп үлгерді.  Балқытылғаннан кейін алынған металл салмағы – 150 кг.

Аталған шара кезінде жойылған қару бірліктері - ерікті түрде тапсырылған және тәркіленген қарулар.

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале