19.07.2019, 16:50
Оқылды: 370

БҚО-ның бюджеті нақтыланды

Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс 27-сессиясында облыстық бюджет 174 млрд. теңге болып нақтыланды. Сессия жұмысына облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты.

Gali Eskaliev

Сессияда алдымен облыс басшысы әкімі жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздің даму көрсеткіштерін одан әрі арттыру бойынша берген  тапсырмаларынан туындайтын міндеттерге тоқталып, алдағы жұмыс жоспарлары жайында баяндады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне талдау жасаған облыс басшысы атқарылатын жұмыстардың ауқымды екенін айтып, Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыруда өңір тұрғындарымен бірлескен жұмыс жоспарларын құру және  өңірді дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға тікелей әсер ететін 9 бағыт бойынша жүктелетін тапсырмаларға тоқталды. Осы бағытта халық қалаулыларын бірлесе жұмыстануға шақырды.

Депутаттар облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №21-2 «2019 -2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жайын қарады. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Әсемгүл Әбенова салықтық емес түсімдерді ұлғайту есебінен  Түркістан облысының Түркістан қаласының «Ақжайық» музыкалық мектебінің құрылысына облыстық бюджеттен 484 млн. теңге шамасында қаражат бағыттауды ұсынды.  Бұл шығын Елбасының Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты берген тапсырмасы шеңберінде қарастырылып отыр. Бұған дейін осы нысан құрылысына 462 млн. теңге облыс қазынасынан бөлінген болатын. Халық қалаулылары бұл мәселеге қатысты түрлі ой-пікір білдіргенімен, жағдайға түсіністікпен қарап, шешімді бірауыздан мақұлдады. Осындай шешімнің нәтижесінде облыстық бюджет 173,8 млрд. теңгені құрайтын болды.

sessia (1)

Сондай-ақ 27-сессияның күн тәртібінде азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесімен келісу туралы, облыс әкімдігінің құрамы, "Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобалары және коммуналдық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құрамы туралы шешімге" өзгерістер енгізу мәселелері қаралып, оң шешім шығарылды.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале