15.02.2020, 10:42
Оқылды: 141

БҚО жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің өсімі бойынша республикада бірінші орында

Бұл жайлы БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің халық алдындағы есептік кездесуінде айтылды. Кездесуге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Дәурен Байтөлешов, облыстық басқарма, департамент басшылары, қала тұрғындары, мемлекеттік емес ұйым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысуда. 

acc9ffdb-98ea-4322-8e04-014a39e2d2ac

2019 жылдың қорытындысымен 7 негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш бойынша белсенді өсу байқалады, атап айтқанда құрылыс жұмыстарының көлемі 25%-ға, негізгі капиталға инвестициялар 24%-ға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер 12%-ға,өндеу өнеркәсібі – 9%-ға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 6%-ға өсіп отыр.

Өңірде cоңғы жылдары мемлекетке пайдаланылмай жатқан 1 миллион 140 мың гектар жер қайтарылды.

Жер беру кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында аукциондар электронды түрде жүргізілгеді.

Өткен жылы облыста 45 электронды аукцион өткізіліп, 71 гектар жер жалға берілді. Осы жылдан бастап аукциондар енді Қаржы министрлігінің сайтында жүргізілетін болады.

Қазіргі таңда облыс тұрғындарының 48% ауылдық жерде тұрады.

e7615296-77d2-4898-8561-1a165cc9374d

2019 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 170 млрд. теңгені құрап, БҚО өсу қарқыны бойынша республикада бірінші орында.

Мал шаруашылығы жыл сайын тұрақты өсім көрсетіп отыр.  Өткен жылы жылқы - 13 мың басқа, ірі қара - 20 мың басқа, құс – 29 мыңға өсті. Сонымен бірге, қой мен ешкі басы азайды. Жалпы мал шаруашылығында 106 млрд. теңгеге өнімөндірілді, өсім- 2,6%-ды құрап отыр.

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 20 млрд. теңгеге жуық несие алды. Қожалықтар жылдығы 4-6%-бен ұзақтығы 5-20 жылға кредит алып, әртүрлі техникаларға қол жеткізді.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале