12.09.2017, 10:26
Оқылды: 20

БҚО жастар коалициясының алғашқы отырысы өтті

 

«Болашаққа бағдар: жастардың жетістік жолы» жастар форумында ұсынылған «Елім менің» жастар коалициясы алғашқы отырысы өтті.


Отырыста облыстық жастар ұйымдарының көшбасшылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға бағытталған жобаларды талқылап, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

Қатысушылар тарапынан өңір жастарының әр ауданда орналасқан тарихи орындарға саяхатын қамтамасыз ететін «Еліме саяхат» тарихи-танымдық экспедициялар ұйымдастыру, ұлттық тәрбиені насихаттайтын бейнероликтер түсіру, облыс бойынша көше атаулары берілген тұлғаларды таныту жобасы, географиялық маңызы бар ескерткіштер мен тарихи орындар жөнінде виртуальды саяхат жасауға мүмкіндік беретін «Туған жер» мобильді қосымшасын іске қосу секілді ұсыныстар көтерілді.

Сонымен қатар бұл ұсыныстарды өңірдің жоғары оқу орындары да қолдап, өз кезегінде жастардың ағылшын тілін меңгеруге арналған тегін оқыту курстарын ұйымдастыруға ат салысатындығын жеткізді.

Шара қорытындысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасына облыс жастарын кеңінен тарту мақсатында Жол картасы мен іс-шаралар жоспарын жасақтау туралы шешім қабылданды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале