1.10.2018, 21:34
Оқылды: 48

БҚО жастары танымал тұлғалармен кездесті

Бүгін оралдық жастар «Өркениет: JAIYK SMART IDEAS CLUB» бейресми алаңында «Қайыр» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Орал қаласында өтіп жатқан «Гранд балдың» жұлдызды қонақтарымен кездесті. 

Screenshot_2018-10-01-21-18-33~2

Облыста жыл басында құрылған «Өркениет: JAIYK SMART IDEAS CLUB» бейресми алаңының басты мақсаты – белсенді және бастамашыл жастардың басын қосып, іскерлік тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру. Қоғамдық сананың жаңғыруына серпіліс беретін жаңашыл идеялармен бөлісу. Өңір жастары еркін форматта ұйымдастырылған кездесулерде танымал қоғам қайраткерлерімен, журналистермен, театр және өнер жұлдыздарымен кездесіп, олардың өмірлік ұстанымдарымен, табысқа жету қағидаларымен танысып, мотивация алады. Өз кәсібін бастағысы келетін жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету, бағыт-бағдар беру мақсатында кәсіпкерлермен шеберлік сағаттарын өткіземіз,-дейді облыстық жастар саясаты басқармасының бастығы Аян Сақошев.
Танымал әнші, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің кавалері Тамара Асар, тележүргізуші-журналист, белгілі блогер, дизайнер Динара Сәтжан және тележүргізуші-телепродюсер, медиаменеджер Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ медиаменеджер, продюсер, «Қайыр» қайырымдылық қорының президенті, «Global gift gala foundation» ұйымының халықаралық елшісі Алпамыс Шаримов өздерінің табысқа жетудің сырларын айтып, тосқауылдарды жеңу жолындағы өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

Танымал медиатренерлермен жаңа форматтағы кездесуге шақырту алу үшін үш жүзден астам жас әлеуметтік желілердегі арнайы парақшаларға жазылып, алдын ала тіркеуден өткен.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,
zhaikprees.kz


Screenshot_2018-10-01-21-18-47~2

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале